"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыздар күні

01.11.2017

Невский орта мектебінде 4-13 қазан аралығында Халықаралық

қыздар күніне орай өткізілген республикалық онкүндіктің жүргізілуі туралы

анықтама

 

Невский орта мектебінде

4-13 қазан аралығында Халықаралық қыздар күніне орай республикалық онкүндіктің жоспары

әзірленіп сол бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.

Мектепте

қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру, білім және тәрбие беру, құқығын қорғау

органдарымен серіктестікті нығайту, кәмелетке толмағандар қыздар арасында орын

алатын құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік,

суицидтік жағдайлардың алдын алу, репродуктивті құқығы және репродуктивті

денсаулығын қорғау, сапалы   медициналық қызметке қолжетімділік

құқығын іске асыру мақсатында жұмыстар ұйымдастырылды.

    Онкүндіктің барысында мектеп кітапханашысы

Амандосова Э.З. «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»тақырыбында баяндама

оқыды. Оқылған баяндаманың маңыздылығы  қыз балаларды

тәрбиелеу,  оларды қоршаған өмір, түрлі жынысты адамдар арасындағы

өзара қатынас барысында,  әр түрлі аурулардың жығуына әкеп соғады.

Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу,

отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың

сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға

бағытталған.  

Мектеп

психологіқыздар  арасындағы проблемаларды тікелей көріп, себептерін анықтап

олардың шешу жолдарына байланысты сауалнама жүргізді.

Жалпы қыз балаларға арналған

гигиеналық жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және

психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білуге үйрету мақсатында мектеп медбикесі Иманбаева Г.М. қыздарға ашық есік күнін өткізді. Гигиенаға

жеке бастың тазалығына байланысты кеңестер берілді.

   Мектеп

тәлімгері Амержанова А.А. 5-11 сынып арасындағы қыз балаларға адамгершілікке, инабаттылыққа

тәрбиелеу,   өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге

және көшбасшы тұлға болып жетілуіне, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету

мақсатында «Қыз өмірдің гүлі» атты сайыс өткізді.Сайыс барысында  қыздарымызды ұлттық киім үлгісін және шаш

өруге, тігін тігуге ептілігі сыналды.Аналардың

қыздар тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, мектеп, отбасы және бала арсындағы

байланысты нығайту мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Онкүндіктің

соңында белсенді оқушылар мараппатталды.

 

Просмотров: 386

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст