"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша ЖОЛ КАРТАСЫНА САЙ атқарылып жатқан жұмыстар туралы АҚПАРАТ

 

«Тасшалқар ауылының ЖОББМ»

2023-2024 оқу жылы

 

Білім  алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен

5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау  бойынша

ЖОЛ КАРТАСЫНА САЙ атқарылып жатқан жұмыстар туралы АҚПАРАТ

 

Білім  алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Тіл мұғалімдері әдістемелік  бірлестік отырысы өткізіліп, білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС)  талаптарына сәйкес бағалау мақсатында  «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау өткізілетіні айтылып,   әдістемелік ұсыныммен таныстырылды.

    Аралық  аттестаттаудың  міндеті:білім алушылардың білім берудің келесі деңгей  материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау болатыны баса айтылды.

    Қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан ұйымдастыру және өткізудің  ЖОЛ КАРТАСЫ негізге алына отырып, білім  алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау  бойынша жоспар құрылып, жоспарға сай жұмыстар атқарылуда.  

    

Ата-аналармен мектепішілік және әр сыныпта жиналыстар өткізілді.

    Тіл мұғалімдері әр сәрсенбі сайын ақпараттық-түсіндіру вебинарларына қатысуда.

  Әлеуметтік желілерде емтихан туралы хабарландыру орналастырылды. https://www.instagram.com/p/C2bj6BkIKmz/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

   Емтихан тапсыру бойынша 5-8, 10 сынып білім алушыларымен дайындық жұмыстары қосымша сабақ кестесіне сай өткізілуде.  

Алда да жоспарға сай іс-шаралар өткізу өз жалғасын  таппақ.

 

 

 

Жаңартылған күні: 26.01.2024 21:11
Құрылған күні: 26.01.2024 21:11

Текст