"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылар кеңесі отырысының № 3 хаттамасы

Қамқоршылар кеңесі отырысының № 3 хаттамасы

Қатысқандар: 10 адам

Күн тәртібі

«Тасшалқар ауылының жалпы білім беру» КММ  ұйымының қызметі мен көрсетілген қызметтер сапасы туралы есебі (Мектеп директоры Кожахметов К.Б.)

Бірінші сұрақ бойынша: Невский орта мектебінің директоры сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында 2020-2021оқу жылдары «Қазіргі қазақты әлемдік кеңістікке интеграциялау жағдайында оқушылардың жеке қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін білім беру ортасы» мәселесі бойынша жұмысын жалғастырып жатқандығын атап өтті.

4 наурыздағы жағдай бойынша мектепте 1-11 сыныптардан 95 оқушы, мектепалды даярлықта 7 оқушы бар. Оқу жылының басында 7 оқушы, 2 бала мектепалды даярлық сыныбынан кетті. Негізгі кету себебі – тұрғылықты жерін өзгертуге байланысты. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша білім сапасы 66 %, екінші тоқсан 67 % құрайды.

Өткен оқу жылында оқушылардың білім сапасы 71 % құрады. Мектеп толығымен педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген. Барлығы 34 педагог. Оның 22-сі жоғары білімді, 12-сі арнайы орта білімді. Үш мұғалім пәндерді 3 тілде жүргізеді. Бұл 10 сыныптағы биология , 7 сыныптағы физика және математика пәндері.Мектептегі білім санитарлық талаптарға сәйкес штаттық режимде өтеді. Мектепке кіре берісте барлық қатысушылардың дене қызуы өлшенеді. Оқушылар сыныптарға арақашықтықпен орналастырылған. Санитарлы талаптарды сақтау бойынша қажетті түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. КОВИД -19 пандемиясы кезінде жоспарға сәйкес барлық жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылады, содан кейін олар мектеп сайтына салынады.

Мектепте аз қамтылған отбасылардын 41 оқушы бар. Осы санаттағы балаларға Білім басқармасы жалпыға білім беру қорынан мектеп және спорт формаларын, кеңсе тауарлары мен аяқ киімдер берілді. Өкінішке орай, бүгінде мектепке демеушілер жоқ. ЖК  Садвокасова А.Б. тарапына Жаңа жыл қарсаңында мектеп оқушыларына кәмпит түрінде 5000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Карантиндік шараларға байланысты мектепте тамақтану тоқтатылды. Бұл мәселе жақын арада шешіліп, жоспарлануда.

Сөз сөйледі: С.Хапар мектептің қамқоршылар кеңесінің төрағасы. Мектепке демеушілер табуға шаралар қабылдауды ұсынды.

Шешімі:

1.Мектеп директоры Кожахметов К.Б. берген есебін ескеру.

2. Мектептің қамқоршылар кеңесі , мектеп әкімшілігімен және ата-аналар қауымдыстығымен бірлесіп, мектепке іс-шаралар өткізуге көмектесетін демеушілер табуға шаралар қабылдау.

3.Алға қойылған міндеттерді ойдағыдай орындау және сапалы білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін мектептегі барлық қызметтердің ынтымақтастығы қажет.

4. Бұл мәселені басымдық ретінде қарастыру, мектеп сайтына ақпарат орналастыру.

Қамқоршылар кеңесінің төрағасы:                     С.Хапар

Хатшы:                                                                       Е. Женихова

Жаңартылған күні: 05.03.2021 12:32
Құрылған күні: 05.03.2021 12:34

Текст