"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. 13 қыркүйекте мектептің қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

«Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. 
13 қыркүйекте мектептің қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Бірінші сұрақ бойынша ҚК төрағасы өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеппен және 2023-2024 оқу жылына арналған перспективалық жоспармен таныстырып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, ол ҚК жұмысының ережесін, мақсаттары мен міндеттерін жариялады. Әрі қарай, ҚК құрамы жаңартылды. Бірауыздан шешім қабылдау арқылы ҚК төрағасы болып Айбат Бабай сайланды. ҚК құрамына 7 адам кірді. ҚК отырысында мектеп формасын кию мәселесін қарастырды. Барлығы бірыңғай мектеп формасын сақтау қажеттілігімен келісті. Бұл мәселеде көмек көрсетуге бел байлады. Отырыс жағымды атмосферада, түсіністікпен өтті.

Жаңартылған күні: 13.11.2023 21:48
Құрылған күні: 13.11.2023 21:48

Текст