"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балауса шағын орталығы жаңа жылға арналған кеш

27.12.2017

«Құтты

болсын, Жаңа жыл!»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай

әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның

карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым -

қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата

- аналар..

Музыка ойнап тұрады.

1-Жүргізуші:

(жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар.

Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша

жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды.

Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдвң иелерін қарсы алайық!

(қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)

2-Жүргізуші:

Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер

бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті

ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

1-Жүргізуші:

Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып,

қол ұстасып жүріп ән салайық.

2-Жүргізуші: Балалар,

ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

1-Жүргізуші:

Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын

айтып береді екен?


2-Жүргізуші:

Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп)

бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық

алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның

ішінен Клоун атып шығады.)

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан

алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда

сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге

қызықты ойынды ойнайыншы!

Ойын:

1-Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата -

аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге

кім жетпейді?

Балалар: Аязата, Ақшақар.

2-Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен

айқайлайық.

Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да,

Қоян кіріп келеді.)

Қоян:

Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?!

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен

амандасып алады дегенді білмейсің бе?

Қоян: Білсем

бұйырмасын!

1 - Жүргізуші:

Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім

үйреткен жоқ па?

Қоян: Жоқ.

2 - Жүргізуші:

Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!

Қоян:

Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір келмейді,

өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба

алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)

1 - Жүргізуші:

неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Қоян: Ә,

бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа

бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып,

соңында шыршаның астына тығыла бастайды )

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.

2 - Жүргізуші:

Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған

қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аязата, Ақшақар!

Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде.

Кездессем деп сендермен,

Тарасам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты

ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3

рет айту керек)

Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын

шапалақтатады) Шырша жарқырайды.

Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жұр

екен, кім тауып береді екен маған?


1 - Жүргізуші:

Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?

Ертегідей орманнан

Көктей өтіп келеді.

Сұңқар бойлы бір сұлу

Табынаршы, аты кім?

Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)

Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге.

Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....

Балалар:

Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....

Балалар: Әдемі!

2 - Жүргізуші:

Кәне, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен

Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз!

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.

Әсем әні де, биі де бар

Отыр ата, сәл дем ал.

Балардын тапақтары

Ән: «Жаңа

жыл!»

Би

Аққала

1 - Жүргізуші:

Айта берсек таусылмас

Жаңа жылда жаңа жыр

Кел оданда, халайық

Ойын ойнайық жаңа бір.


Ойын: «Байпақ»

Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі

оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға

бірінші жету қажет.

(алдымен ата - аналар, содан соң балалар)




2 - Жүргізуші:

- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің

балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?

Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине

қазір, қазір....

(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)


Аяз - Ата:

Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде

көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе

қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да

балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей

беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!


Бәрі.

Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.


1 - Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!»

жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып

жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп

тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен

қуаныш әкелсін!!!


Просмотров: 312

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст