"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаратылыстану-тіршілік құпиясы» атты математика, информатика, физика пәндері онкүндігінің қорытындысы

12.03.2024

Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын, онкүндіктерін  өткізу.

Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Осы орайда, мектебімізде нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндері бойынша 12.02-22.02.2024ж. күндері «Жаратылыстану-тіршілік құпиясы» атты онкүндік өткізілді.

Онкүндік барысында мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар, яғни интеллектуалды сайыстар мен сыныптан тыс іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді.

     Онкүндіктің тағы бір ерекшелігі    үзілісте «Көңілді қоңыраулар» атты логикалық ойлауды арттыратын   «МИФ - музыка әлемінде», «Кім жеңімпаз?» , «Көңілді дойбы», «XO» ойыны, «Сиқырлы фигуралар»,  «QR код» тапсырмалары, «Жұмыртқа аршу» , ."Аукцион шуток и загадок" танымдық ойындарының  ұйымдастырылуы  білім алушылардың танымдық қабілеттерін, белсенділіктерін арттыра түсті. 

   Сонымен қатар информатика пәнінде сыныптан тыс жұмыс барысында «Робототехника» турнирін өткізуде роботтар құрастыру білім алушылардың  интеллектуальдық  ой -өрісін арттыра түсті. 

   Білім алушылар арасында   «Кім зерек?»  сайысында платформаларды пайдаланана отырып, тест тапсырмаларын орындау барысында  жеңімпаз оқушылар анықталды.

    «Математическая викторина", «Миллион кімге бұйырады?», «Кто быстрее?» «Физическая викторина", «Информатика әлемі»,   «Зерде-2024» сында мазмұнды да әрі тартымды өткен онкүндіктің сыныптан тыс жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар,  ізденістері мен танымдарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсті.

Онкүндікте ауқымды іс-шаралар өткізу алда да өз жалғасын таппақ.

Просмотров: 644


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст