"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылдың 7 наурызында мектебімізде 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Ана дейтін асыл жан" атты мерекелік концерт өтті.

07.03.2024

"Тасшалқар ауылының ЖОББМ" КММ 
2024 жылдың  7 наурызында мектебімізде 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Ана дейтін асыл жан" атты мерекелік концерт өтті. Аналарымызға, әжелерімізге, қыздарымызға, ұстаздарымызға арнап барлық сыныптар өз өнерлерін көрсетті. Ізгі тілектерін ән, өлең жолдарымен жеткізді. Қызықты көрініс көрсетті. Мың бұралған биші қыздарымыз би билеп қонақтарға керемет көңіл күй сыйлады. Көктемнің алғашқы, әсем мерекесі қарсаныңда гүлдей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер!Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

#біртұтас_тәрбие
#халықаралықәйелдеркүні

Просмотров: 724


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст