Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области»
«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылдың 6 ақпанда жас ұстаздар арасында «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

16.02.2024

Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында  2024 жылдың 6 ақпанда жас ұстаздар арасында «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. 
Олимпиада барысында  сайысқа түскен жас ұстаздар  заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өздерінің кәсіби іс-тәжірибелерін, жұмыс жүйесінде қолданып жүрген идеялары мен жобаларын көрсетті.
Комиссия мүшелері қатысушылардың кәсіби шеберліктерін, заманауи талаптарды игерулерін, коммуникативтіліктері мен мамандығы туралы ойының қалыптасу деңгейлерін бағалады.
Комиссия  шешімі бойынша олимпиада жеңімпаздары анықталды:
І орын- Койшебаева Зарина Сериковна, бастауыш сынып мұғалімі;
ІІ орын- Жүнүс Ербол Қайратұлы, химия пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын - Мырзахали Кербулан информатика пәнінің мұғалімі. 
Аудандық кезеңнің 2 жеңімпазы Облыстық педагогикалық олимпиаданың ережесі негізінде облыстық олимпиадада Біржан сал ауданының намысын қорғау үшін жолданады. 
Облыстық педагогикалық  олимпиадаға қатысушы жас ұстаздарымызға жеңіс тілейміз!

Просмотров: 1950


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст