"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылдың 15-19 қаңтар аралығында «Жаратылыс ғажайыптар әлемінде» атты биология және химия пәндерінің апталығы өткізілді.

26.01.2024

2024 жылдың 15-19 қаңтар аралығында «Жаратылыс ғажайыптар әлемінде» атты биология және химия пәндерінің апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Алдын ала апталықтың жоспары ӘБ отырысында қарастырылып, директордың бұйрығымен жоспар бекітілді. Дүйсенбі 15 қаңтар апталықтың ашылу салтанатын өткіздік. Жоспарға сай оқушылармен әр түрлі интеллектуалды ойындар өткізілді, стенд жасалынды. Химия пәні мұғалімі Жүнүс Е.К. мен биология пәні мұғалімі Асгат К қызықты тәжірибелер көрсетті. Апталықтың болатыны туралы ӘБ жетекшісі Садвакасова А. Б. жоспармен таныстырып өтті. Құрылған жоспар бойынша барлық сыныптар қамтылып, пән мұғалімдері бір ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шара өткізді. 19 қаңтар күні салтанатты түрде жабалуы болды. Апталық қорытындысы бойынша: Биология пәнінен 7-8 A сыныптар арасында «Жасыл ел жұмбақтары» атты танымдық сайыста "Тапқырлар" және  "Білгірлер"топтары қатысысып "Тапқырлар" тобы  жеңіске жетті және  7-11 Б сыныптар арасында "Лучшый биологи" атты интеллектуалдық сайыста "Амеба" және "Ифузорки туфельки" топтары сайысып тең нәтиже көрсетіп достық жеңді. Химия пәнінен 9-11 Б сыныптар арасында "Химия – наука чудес" атты сыныптан тыс іс-шара өткізіліп "Аль-Фараби" және "Золото" топтары қатысып тең нәтиже көрсетіп достық жеңді, 8-10 А сыныптар арасында "Химия әлемі" атты интеллектуалды-танымдық ойында "Атомдар" және "Молекулалар" топтары қатысып "Молекулалар" тобы жеңіске жетті. Жеңімпаздар мен қатысушылар мадақтамамен және тәттілермен марапаталды.

Просмотров: 889


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст