"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы жайында ақпарат

20.12.2023
Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы жайында ақпарат
 
    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында   жұмыс жоспарына сай мектебімізде ауқымды жұмыстар атқарылды.  Осы орайда өткен оқу жылында мектебімізде  «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектеп директорлары қатысуымен аудандық семинар өтті. 
    Аталған жоба бойынша басқа да іс-шаралар мектеп ұстаздарының қатысуымен үздіксіз  атқарылуда. Мектеп психологы Хасенова С.Б. «Ең үздік психолог кабинеті»  атты облыстық конкурсқа қатысып, жүлделі 3 орын иеленді. 
     Мектеп психологтарына арналған аудандық семинар мектебімізде жоғары ауқымда өтіп, психологтармен  іс-тәжірибе алмасты.
Жалпыға бірдей білім қоры есебінен биылғы оқу жылында 47 білім алушы тегін тамақпен қамтылды. 
  Сонымен қатар, бастауыш сынып білім алушылары толық тамақтанады. 
Оқушыларымыз аудандық , облыстық іс-шараларға белсене қатысып отырады.  
  Осы орайда ғылыми жоба бойынша аудандық кезеңде оқушыларымыз  Байтан С., Қыдырбек И. , Серік Ж., Әмірхан М. жүлделі орын алып, облыстық кезеңге 3 оқушымыз жолданып, екі оқушымыз бірінші рет жүлделі орынға ие болды. 
      Оқу кабинеттері заманауи талапқа сай  безендірілген, компьютерлік жабдықтармен толықтырылған. 
Мектептің материалдық-техникалық    санитарлық-гигиеналық  жағдайы талапқа сай.  
«Қазақстан халқына» Қоғамдық  қоры  «Болашақ инженерлер» қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде  білім алушылардың  IT білімді, қаржылық сауаттылығын  қалыптастыруға мектебімізге арнайы робототехника кабинетін жасақтап, 10 арнайы жинақтамада роботтехникалық RED: X MAX  БАК бөлшектерімен толықтырылды. 
  Мектепте робототехника бағдарламасын енгізу: инженерлік – компьютерлік 3D модельдеу бойынша базалық білім беру мақсатында «Робототехника» үйірмесі жұмыс жасайды.  Оқушылар белсене қатысуда. 
 Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 3-4, 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар арасында  өткізілген аудандық олимпиадаға оқушыларымыз белсене қатысып, бастауыш сынып, қазақ тілі, география, тарих , орыс тілі,  ағылшын тілі, қазақ тілі пәнінен олимпиадада оқушыларымыз жүлделі орын иеленіп, өз біліктіліктерін көрсете білді.  
“Менің шағын - Отаным”  V Республикалық интеллектуалдық конкурсының   облыстық ғылыми жобалар конкурсында 9 сынып оқушысы Кеңес Н. 2 орын иеленсе,  «Қазақстан-эрудиті" танымдық-зияткерлік облыстық байқауына «Сәтті бастама» атты  облыстық бизнес жобасына  8 сынып оқушысы Сайлаухан Н.,  Бригадхан М. қатысып, мадақтамамен марапатталды. 
Аудандық пікірталаста оқушыларымыз белсене қатысып, жүлделі орын иеленді. 
" Үздік жыл оқушысы -2023" аудандық байқауында  9 сынып оқушысы  Кеңес Н. жүлделі орын иеленді. 
    Спорттық байқауда да оқушыларымыз үстел теннисі, күрестен облыстық кезеңде жүлделі орын иеленді. 
      Аудандық “Абай оқулары”, «Мағжан оқулары» , «Балалар оқулары», «Ақберен» байқауына оқушыларымыз белсене қатысып тілге деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп,биіктерден көрінді.  
 Мектеп бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ.
Мектеп психологы, әлеуметтік педагог, тәрбие ісінің орынбасарлары  құқық қорғау органдарымен  бірлесе отырып,  құқық бұзушылықтың алдын-алу  жұмыстарын жоспарға сай жүргізіп отырады. 
 
     Жас мамандар « Lesson stadi» бойынша сабақтар өткізіп, тәжірибе алмасып кәсіби біліктіліктерін, сабақ өткізу шеберліктерін шыңдап отырды.  
Дарынды оқушылармен жұмыс қарқынды түрде жандандырылғанынын байқадық.  Алда да өз жалғасын таппақ. 
Ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болмақ. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы ұстаным.

/public/files/2023/12/20/201223_131815_whatsapp-video-2023-12-20-at-101324.mp4

Просмотров: 1034


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст