"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Абай әлемі

27.02.2020 Невский орта мектебінің «Ұлы Абай әлемі» атты мектепішілік эссе жазу байқауының өткізілуі жайлы ақпарат Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азмат пен азаматша етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы-парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек,Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн» деп президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтып кеткен болатын. Осы орайда, мектепішілік жоспарға сәйкес, 2019 жылы 26 қаңтарда Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін,дамыту; ұлы Абай поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспешілікке, ізгілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын арттырып, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында ақпан айының 26 жұлдызында «Ұлы Абай әлемі» атты мектепішілік эссе жазу байқауы өтті. 9-11 сынып оқушылары Абай Құнабайұлының шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыптан (ұсынылған тақырыптардан таңдау) бір тақырыпты таңдап, эссе жазды. Байқауға оқушылар белсене қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 9 а сынып оқушысы Серікбол Айдана 1 орын, Хосан Жеңісгүл 2 орын Манатхан Аружан 3 орын , иеленді. Жеңімпаз оқушылар марапатталды. Оқушылардың шығармашылығын арттыруға байланысты іс-шаралар өткізу алда да өз жалғасын таппақ.
Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст