"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президенттік шырша

26.12.2019
Президенттік шырша.
 
Жаңа жыл – бала түгілі үлкен адам үшін жақсылықтың жаршысындай, алдағы күнге деген әр көңілге аппақ үміт ұялататын жарқын мереке.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен балаларға арналған Жаңа жылдық мереке болып өтті. Балалар үшін жыл сайынғы «Бiз мәңгiлiк ел боламыз!» атты жаңа жылдық шыршаны өткізу жақсы дәстүріне арналған. Биылғы жылы да 23 желтоқсанда Президенттік шырша өз жалғасын тауып «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, Туған жер!» тақырыбында Президентіміздің шыршасы Көкшетау қаласында  «Көкшетау» мәдениет үйінде   мерекелік бағдарлама өткізілді. Осы жаңа жылдық шыршаға аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен, ерекше қамқорлықты қажет ететін, көп балалы отбасыларынан  және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қатыстырылды. Соның ішінде «Невский орта мектебі» ММ мектебінен 5 "б" сынып оқушысы Шарипова Анель Азаматқызы қатысып, Елбасының атынан 100.000 теңге көлемінде сертификат иеленді. Бұл мереке балалардың естерінде қалары сөзсіз.
Шара соңында балдырғанға мерекелік тәттілер үлестірілді. Сонымен қатар, Анель қала басшысымен естелікке суретке түсті.
Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст