"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Код сағаты

19.12.2019

 

Невский орта мектебі
«Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында 
 «Қазақстанда код сағаты» акциясы 

 

Невский орта мектебінде оқушыларды ақпараттық технологияларға, атап айтқанда қолданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру мақсатында  Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында  «Қазақстанда код сағаты- 2019» акциясы 9-15 желтоқсан аралығында болып өтті. Апталық барысында информатика пәнінің мұғалімі Самалхан Жансұлу ұйымдастырған  іс шаралар заман талабына сай ақпараттық  технологияларды пайдалану арқылы өтті. Акцияға 3-11 сынып аралығында оқушылар үшін тақырыптық сабақтар өткізілді. 3-4 сыныптар үшін: Балалардан қандай компьютерлік ойындар ойнайтындарын сұрастырылды. Көптеген адамдар Minecraft,  Counter Strike және т.б. айтады. Оларды бағдарламашылар жасайды. Бағдарламашы болу қалай екенін біліп, кодтар жаздық. 5-11 сыныптар үшін: Біз ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтар бүгінде бүкіл әлемде ең сұранысқа ие, жоғары ақы төленетін және беделді мамандықтардың бірі екенін талқыладық . Балалар бағдарлама интерфейсімен таныстырылды: сахна, жұмыс өрісі, блоктар, оларды жою және қосу, тапсырманы орындау/тастау түймесі. Оқушылар белсене қатысты. Және де апталық барысында сынып жетекшілер сыныптан тыс жұмыстар өткізді. Оқушылар бағдарламамен танысып, қызығушылық танытты.Әр оқушы өзі кодтаған жұмыстары бойынша сертификаттар алды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


       

Просмотров: 381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст