"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбындағы IX наурыз кездесуінен

02.04.2019

Әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы дегендей  физика пәнінің мұғалімі Женисхан А. жеткшілігімен физика пәнінен «Электромагниттік өріс» тақырыбында  ғылыми жоба жазып, облыстық кезеңге қатысып, өз жобамды қорғаған едім.

 Осы орайда ары қарай өз жалғасын тауып, Қызылорда қаласында 17-19 наурыз аралығында өткен  «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбында өткен республикалық  IX наурыз кездесуіне  Невский орта мектебінен мен 10 а сынып оқушысы Серікбол М. мен қатысып, ғарыш ғылым саласында көптеген ақпараттар алып, дарындылығымды  шыңдап, өзіме көп әсер алып қайттым. 

      Ең әуелі Ақтөбе қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының шығармашылық қойылымы және Қызылорда облысы әкімі Қ.Е. Көшербаевтың  қатысушыларды құттықтау сөзінен басталды.

    Қазақстанның Халық қаhармандары, ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров , Талғыт Мұсабаев және Айдын  Аймбетов сынды Халық қаhармандары, ғарышкерлермен ұйымдастырылған  кездесулерге қатысып, алғы сөзін тыңдап, ғарыш саласында өзімізді толғандырып жүрген сауалдарды қойып,  жауап алдық. Ғарышкерлермен бетпе-бет жүздесу менің осы бір мектеп қабырғасындағы ең әсерлі сәттерімнің бірі  болып қалмақ.

   АҚШ-тың ғарыш жүйелеріндегі  тәуекелдер мен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі  халықаралық сарапшысы Майкл Лутомски, Ұлыбритания NASA ғылыми қызметкері  Правин Пратапан,  Германия  Хайлдберг университетінің Астрономиялық орталығының ғылыми қызметкері Б. Шүкірғалиев, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының» Геодинамика бөлімінің басшысы Б.А. Искаков, Г.Ф. Фесенков атындағы Астрофизикалық Институның инженері Б.М. Омар, Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының Ионосфера бөлімінің ғылыми қызметкері Б.Б. Сейфуллин, М. Қозыбаев атындағы «Физика» кафедрасының меңгерушісі С.А.Сартин сынды ағаларымыздың аспан әлеміндегі  таңғажайып құбылыстар жайлы сыр шертуі біздің ғылымға деген қызығушылығымызды дамытып, пәндік білімімізді тереңдете түсті.

  Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген  Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының  ғылыми  жобаларын қорғауына қатысуым интеллектуальдық қызығушылығымды дамыта түсті. 10 оқушыға білім гранты сертификаты табыс етілді.

    Қолдан жасалған ғарыштық техникалар макеттерін құрастыру бойынша шеберлік сыныптарына қатысып, техникалар макеттерін құрастыруды үйреніп, алаңшада ракеталар макетін ұшыруда жақсы әсер ала түстік.

"Ғарышкер СhaIIenge" cпорттық эстефатасында командалар арасында өткізілген  әр түрлі спорттық ойында «Байқоңыр» тобында болып, ұшқырлық, шапшаңдық, тапқырлық қасиетімізді көрсетсіп, жүлделі орын алсақ, «Астрономия уакыты» атты зияткерлік ойнында да өзіміздің білім пен біліктілік қасиетімізді көрсетіп, бірнеше командадан 2 орынға ие болдық.

19 наурыз «Қорқыт Ата» мемориалдық кешеніне жол тартып, Қорқыт ата жайлы деректер алып, қобыздың шығып тұрған таңғажайып үніне тәнті болдық. Ары қарай «Байқоңыр» ғарыш айлағы мұражайын тамашалап, «Буран» орбиталық кемесі, ғарышкерлер  Ю.А. Гагарин мен Королев уйлерін көріп, ғарышкерлер жайлы біршама ақпарат алып қайттық.

          Дарындылықты ояту мен тану-оқушы болашағына жол ашу дегендей осы бір кездесуден өзімнің келешек болашағымда ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты,  дарынды, ойшыл тұлға болып қалыптасуым қажет деген ой түйдім.

 

 
   

 

 

 

 

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст