"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Невский орта мектебінде аудан мектептері арасында Абай оқуларының аудандық кезеңі

15.02.2019

Невский орта мектебінде аудан мектептері арасында  Абай оқуларының аудандық кезеңі

 

14-ақпан күні Невский орта мектебінде аудан мектептері арасында  Абай оқуларының аудандық кезеңі өткізілді. Дәстүрлі шараның мақсаты оқушылар арасында  қазақ тілінің көркем сөз ерекшілігімен Абай шығармаларын насихаттап, қазақ тілі мен әдебиетіне өзге ұлтының қызығушылығын арттыру.

Сайысқа ауданымыздың 17 мектебінен оқушылар қатысты. Сайыс 3 номинация бойынша өткізілді. Осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, інкәр сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымыздың дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқаларынан білім бөлімінің бас маманы  Ақшалова Ақкенже Төлеубайқызы, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Есімсейітова Рысты Айтмағамбетқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Дюсенова Асемгул Кусайнқызы, Мамай орта мектебінің мұғалімі Хойчбай Ермурат,

Казгородок орта мектебінің мұғалімі  Құрмет Қанағат төрелік етті.

Іс-шараның басында білім бөлімінің бас маманы Ақшалова Ақкенже Төлеубайқызы қатысушыларымызға сәттілік тілеп, өзінің ізгі тілектерін білдірді. Жалпы байқау 3 номинация бойынша өткізілді.1 номинация «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (Жас ақындар байқауы)

2 номинация «Өлең ­ сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу сайысы)
3 номинация «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндерін орындау сайысы).

Байқау өте қызықты өтті. Қатысушылар да жан-жақты дайындықпен келген болатын. Қорытындысында мектебімізден «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Манатхан Аружан 2 орын иеленсе, «Өлең ­ сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Байтан Наурызбек 3-орын иеленді. Жеңімпаздарға марапаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Әрбір қазақстанда тұратын адам қазақ тілін білу керек. Мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрса екен, өйткені тарихымызды ұмытпауға жол бермейді.

Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст