07.09.2026
«Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбындағы салтанатты жиынның өтуі туралы есеп
2026 жылғы 1- қыркүйек күні Тасшалқар ауылының жалпы білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам құндылықтарын дәріптеу.
Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, педагогтер, 1–11 сынып оқушылары және ата-аналар қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, мектеп директоры жаңа оқу жылының басталуымен барша ұстаздар мен оқушыларды құттықтады. Сонымен қатар, біздің бүгінгі қуанышымызға ортақтасу үшін Біржан сал ауданының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау мекемесінің жетекші маманы Омарова Армада Кадесовна қатысып, өзінің жылы лебіздерін білдірді.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары ерекше қошеметпен қарсы алынды. Оқушылардың патриоттық бағыттағы өлеңдері мен өнерлері ұсынылып, жоғары сынып оқушылары бүлдіршіндерге ізгі тілектерін білдірді.-шара соңында алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылына ақ жол тілегін білдіретін символдық сәт ұйымдастырылды. Салтанатты жиыннан кейін сыныптарда тақырыпқа сай тәрбие сағаттары өткізілді.