Текст
20.05.2026
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Тасшалқар ауылының ЖОББМ директоры Асгат Катила 89 жастағы жерлесіміз, тыл ардагері Сексенов Еслямбек Жүсіпбекұлы атаның шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтап қайтты.
Кездесу барысында ардақты қарияға құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер мен алғыс сөздер айтылды. Тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі мен ел үшін атқарған қызметі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Соғыс жылдарындағы ауыр кезеңде аянбай еңбек еткен жандардың ерлігі мен табандылығы ешқашан ұмытылмайды.
Сексенов Еслямбек Жүсіпбекұлы өмір жолы мен еңбек жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, ақ батасын берді.
Ардақты жерлесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен береке тілейміз!
#9Мамыр
#ТылАрдагері #ҰлыЖеңіс