"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

18.10.2017

Тақырыбы: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

 Мақсаты:

Тілдің қоғамдық – әлеуметтік қызметін

таныстыру, тіл мерейін көтеру;

Өту барысы

– Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»  атты мәнерлеп оқу

сайысына  қош келдіңіздер!

Қазақтың

ұлы ақыны-Абай Құнанбайұлы туралы бейнеролик көрсетіледі.

Ұлы Абай атамыздың  өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін

сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге

құрмет  жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама

кестелі сөз айтсақ та, тауыса алмаспыз. Сондықтан

Ана тілім, дана тілім – Тәңірім

Сақтай білген сан ғасырлар жарығын

Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген

Бұғалауға, шұбарлауға көнбеген  – дей отыра

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты танымдық

сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Сайыс кезеңдері

1.     Таныстыру.

2.     Мәнерлеп оқу (Абай Құнанбайұлының  өлеңдері)

3.     Кім білгір? ( сөздер арқылы мақал құрастыру).

4.     Ән айту музыкалық әуенмен  (тіл, отан,

туған жер)

туралы болу керек.

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге әділ төрелігін айтатын әділқазылар алқасымен танысайық.

.....................................................................................................................................

Ортаға сайысқа қатысушы оқушыларды шақырамыз.

1.Таныстыру.

Ортаға мәнерлеп оқуға қатысушыларды шақырайық. 5 «а» сынып

оқушылары: Ертіспаева Ақжарқын, Байтан Наурызбек, Қуандық

Сүйіндік.                   6 «а» оқушылары: Ерболат Бекжан, Баят Амангүл.  7 «а»  сынып оқушылары: Серікбол Айдана, Манатхан

Аружан, Байтан Айтолқын, Амандос Гүлнұр.           8 «а» сынып оқушысы: Елеусіз Жанболат. 9 «а»

Хосан Жеңісгүл,                  Айбат

Айжан, Шамелхан Нұргүл, Ханай Назерке, Серікбол Марат,                Атшыбай Ардакелді.

1.Өздерін таныстырады.

2.Кейінгі ұрпақ  жырларын жаттап қанықты,

Үлгі тұтып бәйтеректей

сан алыпты.

Көкірегі ояу, сезімді

ұрпақ, қайдасың,

Өлеңдер оқып,

өзіңді-өзің танытшы!- деп, келесі кезекте өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына

берейік.

3.Мақал-мәтел – бабадан қалған мұрамыз,

Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.-деп, сайыскерлер, берілген сөздерге  мұқият қараймыз. «Кім білгір?» (әр

қатысушы көрсетілген сөздер

арқылы  мақал құрастырады).

4.Ана тілім – ардағым, мәртебелім,

Сен ғайып боп кеткенде

қайтер едім?

Қадірін де халқымның

біле алмай,

Қалар ма еді айтылмай

айтар әнім – дегендей өз әндерімен ортамызға шақырамыз.

Әділқазылар алқасына  сөз беріледі. Әділқазылардың шешімін

тыңдау.

Әуездісің, әдемі  тілі  елімнің

Әуенісің  ұлан – байтақ жерімнің

Самғай берсін шартарапқа өр үнің – деген тілекпен «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты мәнерлеп

оқу  сайысымызды  аяқтаймыз.

Келгендеріңізге көптен-көп  рахмет!

 

Просмотров: 452

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст