"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная школа села Тасшалкар отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Невский орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Б Садвакасованың 2017-2018 оқу жылының I-жартыжылдығына арналған есебі.

17.01.2018

                           Невский

орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі

                      

А.Б Садвакасованың 2017-2018 оқу жылының

                               I-жартыжылдығына арналған есебі.

 

   Бастауыш

білім берудің басты мақсаты - әлеуметтік – экономикалық және саяси өмірге

белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.  Осы мақсатқа сүйене отырып, 1 «а» сынып

оқушыларының алдына қойылған мақсаттары 

оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану. Сабақтардың  негізгі бағыттары бұл:

-        

білімді функционалдықпен және

шығармашылықпен қолдана білуге үйрету;

-        

сыни тұрғыдан ойлау;

-        

ақпараттық-коммуникациялық

технологияларды қолдана білу;

-        

зерттеу жұмыстарын жүргізу;

-        

коммуникацияның түрлі

тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;

-        

топтық және жеке жұмыс

ұйымдастыру.

     Бастауыш

білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру  саясаты шеңберінде іске асырылады. Сыныптан

тыс жұмысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыруы көзделеді.

    Сонымен қатар, 1 сынып оқушылары ойын баласы

болғандықтан, сабақ тақырыбына байланысты ойын элементтерін көбірек енгізіп

сабақты түрлендіріп отырамын. Пәндердің мазмұнында төрт түрі ( айтылым,

жазылым, оқылым және тыңдалым) бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған

коммуникативтік тәсілдер қолданылады. Қарапайымнан күрделіге, таныстан таныс

емеске қарай қағидаты бойынша құрастырылған. Сабақта «Білім Лэнд», «Ай Мектеп»

сайтының ресурстарын қолданамын. Жеке және топтық жұмыста оқушылар белсендік

танытады. Білім беру мазмұнының жаңартудың басты ерекшелігі баланың жан-жақты

дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне және шығармашылық әлеуетін толық

іске асыруына ықпал етеді. Қарашаның 13-нен 25-не дейін бастауыш сыныптар

онкүндігі өтті. Онкүндік өту кезінде жаңартылған білім мазмұны бойынша сауат

ашу пәнінен 1 «А» сыныпта ашық сабақ өтті. Тақырыбы: «Қ дыбысы және әрпі».

Сабақ жоғары деңгейде өтті. Білім мен тәрбие егіз дейді, сондықтан тақырыпты

сынып сағаттары өтті. Бұл: «Мен – елімнің кіші патриотымын», «Ана тілім –

айбыным», «Дені саудың – жаны сау» денсаулық күніне арналған фестиваль, 1

желтоқсан «Елбасы күні».

1 «а» сыныпта қазіргі таңда 9 оқушы. Оның ішінде 7

қыз бала, 2 ер бала. Үлгерімі 100%. 

Сауат ашу пәнінен оқушылар әріптерді таниды, ажыратады, оқи алады.  Математикадан 20-ға дейінгі сандарды таниды,

ажырата алады, 20 көлемінде тура, кері санайды, мысалдар құрастырады, шығарады.

 

Просмотров: 254

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст